12 Қаз 2020
Материал №6 Монкеулы орта мектеп

Мектеп туралы

Білім ордасының тарихы

   №  6  орта  мектебі  1960  жылы  № 6  жетіжылдық  мектебі  болып  құрылды.  1960 – 1970  жылдар  арасында  оқу  мазмұнына  ірі  өзгерістер  енгізілді.  Мектептерді  жетіжылдықтан  сегізжылдыққа  көшіру  ісі  1962 – 1963  жылдары  аяқталды.

№ 6 сегізжылдық мектеп ғимараты

Мектеп құрылған кезде 205 оқушы дәріс алды. 16 оқу сыныбы болды. Мектептің алғашқы басшысы 1960 – 1963 жылдары А.К. Майдересов болды.

1963 – 1965 ж.ж. мектептің директоры 1963 жылы Гурьев педагогикалық институтын бітіріп келген орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утебаева Гульжихан болды. 1965 жылдың 10 қыркүйегінде Кеңес Үкіметінің Жоғары Президиумының Указымен мектептің мұғалімдері: Гатауова Сафура Мергеновна, Громкова Нина Андреевна, Котельникова Любовь Константиновналар «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.